Ақтауда әйел бесінші қабаттан секіріп кетті

Oinet.kz 25-03-2026

Ақтау қаласында әйел көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлап кетті. Оқиға 22-шағын ауданда орналасқан №6 тұрғын үйде болғаны хабарланды, деп жазады Оinet.kz порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап..

image.png

Куәгерлердің сөзінше, 24 наурыз күні күндіз қыз жоғары қабаттан құлап, алдымен екінші қабаттағы терезе үстіндегі темір қалқанға соғылып, кейін жерге түскен.  Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол аман қалған және шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілген.  

Өңірлік полиция департаменті 1993 жылы туған әйелдің секіргенін растады. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.

Танымал блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды
Алматыдағы жол апаты: Zeekr көлігі жолда өзге көлікпен жарысқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу