Босанған әйелдерден 10 мың теңгеден жинайды: Педиатр өз кінәсін мойындаған жоқ

Oinet.kz 25-03-2026

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы Құрманғазы аудандық ауруханасында қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. Тексеріс қоғамдық белсенді Қизатованың әлеуметтік желідегі жазбаларынан кейін  ұйымдастырылған, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Әлеуметтік желілерде аудандық перзентханадан босанған әйелдерден заңсыз ақша талап етілген болуы мүмкін деген ақпарат жарияланған. Осы деректерді тексеру үшін басқарма арнайы комиссия құрған. 18 наурызда комиссия медициналық көмектің сапасын, диагностиканың және емдеудің клиникалық хаттамалар мен стандарттарға сәйкестігін кешенді бағалаған. Сонымен қатар, шағымда аталған барлық медицина қызметкерлерімен жеке әңгімелесулер өткізіліп, жазбаша түсініктемелер мен қосымша материалдар алынған.

Арызданушымен де кездесу ұйымдастырылып, 2021 жылғы 26 тамызда болған оқиға бойынша жазбаша өтініш қабылданды. Педиатр өз кінәсін мойындамаған және өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін сот тәртібімен қорғауға ниетті екенін мәлімдеген (ҚР ҚК 130-бабы – жала жабу).

Жиналған материалдар жақын арада құқық қорғау органдарына жолданады. Аталған жағдай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін Құрманғазы ауданының тұрғыны өңірдегі перзентхана қызметкерінің босанған әйелдерден 10 мың теңгеден ақша талап ететіні туралы мәлімет таратқан болатын.


Алматыдағы жол апаты: Zeekr көлігі жолда өзге көлікпен жарысқан
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу