"Құдағиына үйленген". Балаларымнан зәбір көрдім деген кісінің жұбайы шындықты айтты

Oinet.kz 25-03-2026

Әлеуметтік желіде туған балаларымнан зәбір көрдім деп құқық қорғау органдарынан көмек сұраған Жетісу облысының тұрғыны Бақытбекке қатысты әйелі тың мәліметтер айтты, деп жазады Оinet.kz.

image.png

 Тик-ток парақшасында әйелі бұған дейін желіде тараған мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша балалары әкесіне қолының ұшын да тигізбеген және ешқашан ақша сұрамаған.

"Мен Бақытбектің некелі әйелімін. Ол балаларым ұрды деп өтіріп айтып отыр. Шалымнан балаларым ақша сұрамайды. Екі ұлым да өздері жан бағып жүр. Бақытбек мені ұрып-соқты. Бір тісімді жұлып алды. Қан әрең тоқтады. Сол кезде балаларымды шақырдым. Олар келді, бірақ ұрған жоқ. Қазір екі ұлым түрмеде. Әкесі қаматты ғой",- деді әйелі. 

   Жұбайының айтуынша олар Қытайдан 13 жыл бұрын Қазақстанға көшіп келген. Сол уақыттан бері ол әйелін үнемі сабап, қорлық көрсетіп келген. Сондай-ақ Бақытбектің Қытайда 2 ай түрмеде отырып келгені белгілі болды.

   Әйелі балаларының күйеуіне реніші барын жасырмады. Себебі оның құдағиымен көңіл жарастырғанын айтты.  

"Балалардың оған реніші бары рас. Себебі Бақытбек өзінің туған құдағиына үйленген. Балалар содан намыстанып, оған реніштерін білдіріп, сөйлейтіні рас. Өзінің туған құдағиына үйленген адамды кім сыйласын», – деген ол құзырлы органдардан, халықтан көмек сұрады. 

"Ел-жұрттан екі балам үшін араша сұраймын. Олар кінәсіз. Әкесі жала жауып отыр. Біреуінде 6 бала, екіншісінде 3 бала шағалары бар",- дейді әйелі.

Босанған әйелдерден 10 мың теңгеден жинайды: Педиатр өз кінәсін мойындаған жоқ
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу