Блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Oinet.kz 26-03-2026

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті вайнер Мейіржан Төребаевтың бостандыққа шыққанын растады.

image.png

Бұған дейін блогер әлеуметтік желіде жазасын өтеп, үйіне оралғанын хабарлаған еді. Жарияланған видеоларда оны туған-туыстары мен жақындары қарсы алғаны көрінеді.

Ресми мәліметке сәйкес, Төребаев сот үкімімен белгіленген жазаны толық өтеген. Осыған байланысты ол заң аясында босатылған.

Еске салайық, 2022 жылдың ақпан айында Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов «Mudaraba Capital» қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін екеуі де қамауға алынды.

2023 жылғы 23 маусымда сот үкімі шығып, олар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Апелляциялық сот алқасы бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Ал 2024 жылдың соңында Төребаевқа шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қанағаттандырылмаған еді.

"Заңсыз көлік жарысына полицей қатысқан" деген ақпаратқа байланысты тексеріс басталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу