«Өлгім келмейді»: Қарағанды облысында жоғалған бала іздестіріліп жатыр

Oinet.kz 02-04-2026

Қарағанды облысында 13 жастағы Бейбарыс Рыстің жоғалуына байланысты ауқымды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png 

Жасөспірім 1 сәуір күні Абай қаласында үйінен серуендеуге шыққан. Ол достарымен бірге Қарабас кенті бағытына қарай барған. Кейін кешке қарай үйіне жалғыз қайтпақ болған, алайда сол күйі оралмаған.  

Жолда бала анасына бірнеше дауыстық хабарлама жіберіп үлгерген. Онда телефонының қуаты таусылып бара жатқанын айтып, көмек сұраған. Соңғы хабарламасында тоңып жатқанын жеткізіп, «өлгім келмейді» деген сөз қалдырған. Туыстарының айтуынша, ол сол күні жеңіл киінген және астма ауруымен ауырады.

  Полицияға баланың жоғалғаны туралы хабар 2 сәуір күні түскен. Осыдан кейін құқық қорғау органдары мен құтқару қызметтері жедел түрде іздеу жұмыстарын бастаған.  

Қазіргі уақытта өңірде кең көлемді операция жүргізілуде. Іздеуге полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар мамандары, еріктілер және Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған. Барлық ықтимал бағыттар тексеріліп жатыр. 

 Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына 300-ге жуық адам қатысуда. Сонымен қатар, аумақты әуеден барлау үшін тікұшақ пен дрондар тартылған.  Іздеу жұмыстары ерекше бақылауға алынған және жалғасып жатыр.

Депутат азамат қажетті еңбек өтіліне жеткеннен кейін зейнетке шығу уақытын өзі таңдауды ұсынды
Шымкентте туысының екі ұлына бірнеше күн бойы зорлық жасаған күдікті ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу