Әл-Фараби даңғылындағы апат: кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына жеткізілді

Oinet.kz 07-04-2026

Алматы қаласында 21 наурызға қараған түні болған жол апатының басты күдіктісі тергеу изоляторына жеткізілді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады  Оinet.kz.

image.png

Бұған дейін жүргізуші медициналық мекемеде тексеруден өткен еді. Полицияның мәліметінше, ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі қылмыстық іс аясында әрі қарай күзетпен ұстау үшін тергеу изоляторына ауыстырылған.

Жол апаты Әл-Фараби даңғылы бойында болды. ZEEKR көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша кінәлі тұлға 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Домалақ ана кесенесіне туристерді кіргізбеген шырақшылар жазаланбақ
Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар Жоғарғы сотқа шағымданып, ақтауды сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу