Астанада жалаңаш ер адам балалар алаңында пышақпен жүгірді

Oinet.kz 09-04-2026

Астанада тұрғын үй ауласындағы балалар алаңында ер адам қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларды шошытты.

image.png

Оқиға Петрова көшесі, 2-мекенжайында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 39 жастағы ер адам жалаңаш күйде қолына пышақ ұстап, алаңда жүгіріп, айналасындағыларға айғайлаған. Ол балаларға қоқан-лоққы көрсеткен.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, шошынған ата-аналар мен балалар жан-жаққа қашып, тұрғындар дереу полиция шақырған. Құқық қорғау органдары шамамен 20 минут ішінде келіп, ер адамды ұстады. Зардап шеккендер жоқ.

Полиция мәліметінше, күдікті Алматы аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қазіргі уақытта ер адамның мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны анықталып жатыр.

Депутат: Жетекші жоғары оқу орындарына Назарбаев университетіндегідей мәртебе берілу керек
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу