Түркияда жасөспірім мектепте шабуыл жасап, 9 адамды өлтірді

Oinet.kz 17-04-2026

Түркияның Кахраманмараш қаласындағы мектепте болған қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер жария болуда.

image.png

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 14 жастағы жасөспірім ұйымдастырған қарулы шабуыл салдарынан 9 адам қаза тапқан. Оқиғадан кейін күдікті өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір оның тұлғалық ерекшеліктері мен қылмысқа итермелеген себептер жан-жақты зерттеліп жатыр.

Жасөспірімнің мұғалімі оның тұйық әрі көпшілікке араласпайтын оқушы болғанын айтады. Сабаққа қатысқанымен, белсенділік танытпаған, көбіне партаға басын қойып, бірдеңелерді шимайлап отыратын болған. Сондай-ақ үзіліс кезінде жалғыз жүріп, достарының аз болғаны байқалған.

Күдіктінің әкесі, бұрынғы полиция қызметкері Угур Мерсинли сотта жауап беріп, ұлының интернетті жиі пайдаланғанын және компьютерлік ойындарға әуес болғанын айтты. Оның сөзінше, бөлмесіне кірген кезде жасөспірім экрандағының бәрін дереу жауып тастайтын болған.

Әкенің айтуынша, шабуыл кезінде қолданылған қарулар өзіне тиесілі болған. Ол оларды заңды түрде сақтағанын, арнайы құлыпталған жәшіктерде ұстағанын жеткізді. Алайда жасөспірім қаруға қол жеткізу жолын білген.

Сондай-ақ белгілі болғандай, жасөспірім соңғы екі айда психолог көмегіне жүгінген. Мамандар оның әлеуметтік бейімделуінде қиындықтар барын айтқан. Бірақ кейінгі уақытта ол маманға барудан бас тартқан.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Әзірге әлеуметтік желілерде тараған кейбір болжамдар, соның ішінде компьютерлік ойындарға қатысты пікірлер ресми түрде расталған жоқ.

Шымкентте прокуратура 1,7 млрд теңге негізсіз шығынның алдын алды
«Имамдар заңсыз неке қияы»: ҚМДБ айыптауларға жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу