Ақтөбеде жұмыртқадай бұршақ жауды: 80 үй бүлініп, ауылдар жарықсыз қалды

Oinet.kz 09-05-2026

Ақтөбе облысында ондаған үйді бұршақ зақымдады. Ырғыз ауданындағы бірнеше ауылда шатырлар тесіліп, тұрғындар жарықсыз қалды. Көліктер де қатты бүлінген, деп хабарлайды  Оinet.kz КТК-ға сілтеме жасап.

image.png

Куәгерлердің айтуынша, бұршақтың көлемі тауық жұмыртқасындай болған. Жарма ауылында сегіз электр бағаны құлаған. Соның салдарынан елді мекен бір тәулік бойы жарықсыз отырған. Шенбертал ауылында да шығын аз емес. Мұнда бұршақ үйлердің шатырын сау-тамтық қалдырмай тесіп өткен, қора-қопсы мен өзге де құрылыстар бүлінген. Ал нөсерден кейін кейбір тұрғындардың үйлерін су баса бастаған.

Қазір ауданда арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Мамандар табиғи апаттан келген шығын көлемін есептеуі тиіс. Тек содан кейін ғана тұрғындарға өтемақы беріле ме, жоқ па – белгілі болады. Жергілікті билік ірі бұршақ жаууы туралы алдын ала дауылды ескерту болмағанын айтады.

Үйімнің шатыры бұршақтан кейін түгел жарамсыз болып қалды. Үйдің де, қораның да төбесі осындай күйге түсті. Көршілердің де мүлкі бүлінді. Енді үйге су кіріп жатыр, алда тағы жаңбыр күтіп тұр. Ауылдағы 100 үйдің шамамен 80-і бұршақтан зардап шекті. Билік шығынды қалпына келтіруге көмектеседі деп үміттенеміз, – дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Қытайда фейерверк зауытындағы жарылыстан 26 адам қаза тапты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу