Әлемді кітап арқылы танимын

Oinet.kz 15-08-2019 1149

67881109_892556137778221_5737145794201387008_n.jpg Кентау қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, оқырмандарға кеңінен насихаттау, патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ оқырмандарды кітапты құрметтей білуге баулу, кітапқа деген құштарлығын арттыру, көркем әдебиетті оқуға ынталандыру, ең көп оқитын оқырмандарды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында, қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жыл толуына орай және Б.Соқпақбаевтың туылғанына 95 жыл толуына орай оқырмандар арасында ең көп оқитындарды анықтауға арналған «Әлемді кітап арқылы танимын» байқауы өткізілді.
Байқауда Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Бегежанова Зоя Оралбайқызы, облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Пәрімбекова Закира Сембекқызы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының әдіскері Аманжолова Жанар қазылық етті.
Байқау екі кезең бойынша өткізілді. «Әр оқырман -бір әлем» атты кезеңде С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров шығармалары бойынша қатысушы үміткерлер қысқаша буктрейлер жасап, Б. Соқпақбаевтың шығармаларынан үзінді оқыды. 
«Вооk diпgo» кезеңінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «100 кітап жобасы» бойынша ережедегі ақын -жазушылардың шығармаларындағы үзінділер арқылы кітаптың авторы мен атауын табудан сайысқа түсті. 
Байқау қорытындысы бойынша 11-15 жас аралығындағы оқырмандар арасында бас жүлдені Рахимов Асатулла (Қосқорған ауылдық №28 кітапхананың оқырманы), І орын Құмтиын ауылдық №33 кітапхана-филиалының оқырманы Жолдасбек Аяулым, ІІ орын Қаныбек Асылзат (Абай ауылдық №36 кітапхананың оқырманы), ІІІ орынды Құшата ауылдық №1 кітапхана-филиалының оқырманы Қанатұлы Айбын иеленді. 
7-10 жас аралығында байқауға қатысқан оқырмандар арасында Нұртас ауылдық №21 кітапхана-филиалының оқырманы Қайнар Аида бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. І орынды С.Қожанов ауылдық №20 кітапхана-филиалының оқырманы Сапарбай Шапағат, ІІ орынды Қарнақ ауылдық №15 кітапхана-филиалының оқырманы Алханова Сивинч және ІІІ орынды Қаныбек Аяулым (Абай ауылдық №36 кітапхананың оқырманы) иеленді.

Дереккөзі: Кентау қалалық әкімдігі



Жемқорлыққа қарсы шаралар өтуде
Бірлікке газ тарту жұмыстары қарқындап келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу