Бірлікке газ тарту жұмыстары қарқындап келеді

Oinet.kz 15-08-2019 598


 69267337_364677631126613_2136377253414567936_o.jpg

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан прокуроры Бақыт Сейфолла, аудандық полиция бөлімінің басшысы Шырынбек Оңғаров, аудандық дербес бөлім басшылары және ауылдық округ тұрғындары қатысты. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірлік ауылдық округінде елді мекендерге табиғи газ құбырын тарту жұмысы қарқындап келеді. Атап айтқанда Бірлік, Жаңатіршілік, Үшағаш, Қосөткел ауылдарына табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы ішкі жүйелерінің жобасына ЖСҚ әзірленіп мемлекеттік сараптаманың оң қортындысы алынып, бюджеттік өтінімге ұсынылған. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Бірлік, Жаңатіршілік, Үшағаш ауылдарына қажетті құжаттар ЖСҚ «ЖҚИ Қаз-Нұр» ЖШС тарапынан толығымен әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу үшін аудандық ТҮКШ бөлімі тарпынан облыстық ТҮКШ басқармасына тапсырылған. Жаңатіршілік елді мекені бойынша ауыз су құбырын тарту құрылысына (2018 жылы) жеңімпаз анықталып құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Үшағаш елді мекені бойынша ауыз су құбырын тарту 2019 жылы конкурс өткізіліп жеңімпаз анықталған, құрылыс жұмыстары басталды. Бірлік елді мекендері бойынша ауыз су құбырын тарту құрылысына конкурс алдағы уақытта өткізілетін болады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында елді мекендегі ішкі көшелерді жөндеу бойынша Бірлік ауылындағы Қажымұхан (300 м), Ә.Молдағұлова (1250 м), Ш.Уалиханов (315 м), Жаңатіршілік ауылындағы Д.Қонаев (900 м) көшелерін орта жөндеуден өткізуге сметалық құжаттары әзірленіп 2019 жылға асфальттау жоспарлануда. Сонымен қатар Бірлік ауылындағы А.Байтұрсынов (2750 м) және Жаңатіршілік ауылындағы Т.Белгібаев (5000 м) көшелеріне 2019 жылы тас төсеуге сметалық құжаттар әзірленген. Бүгінгі таңға Бірлік елді мекені М.Маметов көшесіне (L-1260) тас төселді. Аудан әкімі кездесу соңында тиісті сала басшылары мен округ әкіміне ауылдық округ аумағын көгалдандыру бойынша жұмыстарды жандандыруға, сондай-ақ аудан прокуроры округ аумағында қылмыстың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жайында тиісті сұрақтарын қойып, тапсырмалар жүктеді.



Әлемді кітап арқылы танимын
Марафон-эстафетаға 30 мақтаралдық қатысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу