«Мәдени» баспасөз туры Түркістанға келді

Oinet.kz 16-08-2019 515

67904095_1277148415796241_8919022953383854080_n.jpg


Бүгін Түркістан облысына бір топ шетелдік басылымдардың тілшілері келіп, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне саяхат жасауда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасын халықаралық деңгейде ілгерілету шеңберінде шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан «Мәдени» баспасөз-туры Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтуде.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аустрия, Германия, Италия, Корея, Қытай, Мысыр, Ұлыбритания, Үндістан, Франция, Швеция, Швейцария сынды мемлекеттерден тұран даласының тарихымен танысуға келген 18 журналист алдымен Арыстанбаб кесенесіне аялдады. 
Қазір Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесін аралап, көруде.

Жалпы, Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей, Түркістан өңірі туризмнің орталығына айналуы тиіс. Облыста осыған байланысты туризм саласында атқарылып жатқан жұмыстар көп. Әулиелі, тарихи жерлердің картасы жасалуда. Олар туристік бағыттардың негізгі тірегіне айналуы тиіс.  Осы орай өңірде  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көп жұмыстар атқарылуда.



«Жастар жылына» тарту
Балабақшаларды қаржыландыру бақылауда болуы тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу