Балабақшаларды қаржыландыру бақылауда болуы тиіс

Oinet.kz 16-08-2019 801


 68336513_1085750874968281_8418269379153625088_n.jpg

Ордабасы ауданы  Шұбарсу ауылында аудан әкімі Әліпбек Өсербаевтың қатысуымен аудан активының көшпелі мәжілісі өтті. Күн тәртібіне сәйкес, бірінші сөз алған ауыл округ әкімі Ануар Турсынбаев 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыс барысын баяндады. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әліпбек Шәріпбекұлы коммуналдық саладағы кемшіліктерге тоқталып, жеке азаматтардың меншігіндегі таза су, электр қуатымен қамту жүйелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмысын жылдамдату қажеттігін атап өтті. Білім саласындағы күрмеулі мәселелер де назардан тыс қалмады. "Балапан" бағдарламасымен ашылған жекеменшік балабақшалардың қаржылануы бақылауда болу қажеттігі айтылды. Жиын қортындысымен ауыл округіндегі қылмыспен күресті күшейту, салық саясатын жүйелеу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда құқықбұзушылыққа жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар беріліп, орын алған олқылықтар бойынша жауапты мамандарға шара көру тапсырылды. 
- Бүгінгі жиналыстың мақсаты- күрмеулі түйіндерді анықтап, өзектілігін ескере отырып, оларды шешу үшін нақты әрекетке көшу. Заман босаңсуды көтермейді. Уақытпен үндесе жұмыс істеуді үйренетін кез жетті, - дей келе Әліпбек Шәріпбекұлы жиналысты қортындылады.



«Мәдени» баспасөз туры Түркістанға келді
Кентаулық ұстаз президенттің қолынан медаль алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу