«Тәтті» кәсіпті меңгерген

Oinet.kz 04-08-2019 611

Screenshot_12.jpg

Түлкібас ауданында омарташылық кәсіпке қызығушылар саны жыл санап артып келеді. Бүгінгі таңда аудан бойынша 21 бал ара шарушылығында 1436 ара ұясы тіркелген. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінің мамандары хабарлады. 

«Тәтті» саланы жете меңгергендердің бірі Түлкібас ауданына қарасты Шақпақ-баба ауылының тұрғыны Нұрақбай Тәжіқұлов.

-Менің негізгі мамандығым жүргізуші. Омарташылық кәсіпке сонау 1968 жылдары мектеп оқып жүргеннен бері қызығушы едім. Көршіміз бал араларын асырап, асел алатын. Сол көршімізге көмектесіп жүріп, омарташылықтың қыр-сырын үйрендім.

Қазіргі таңда өзіміздің отбасылық кәсіпке айналып отыр. Бүгінде қожалығымызда 61 бал омартасы бар. Осы 61 бал омартасынан жылына 700-800 келіге дейін табиғи таза әсел жинап, еліміздің әр өңіріне өткізіп, тиімді жолмен еңбектеніп келемін. Қуантарлығы еңбек еш зая кетіп жатқан жоқ. Бал арасына сұраныс көп. Себебі, бал арасының пайдасы өте жоғары. Әсіресе, денсаулыққа пайдасы көп, – деді шаруа төрағасы.

Алдағы уақытта шаруа төрағасы мемлекет тарапынан женілдетілген несиелерді пайдалынып, омарта саның 120 жеткізуді көздеп отыр.


Қабылдау бөлмесі ашылды
Жастар демалысты тиімді өткізуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу