Қабылдау бөлмесі ашылды

Oinet.kz 04-08-2019 601

Screenshot_11.jpg

«Ер есімі ел есінде». Қазығұрттықтар қызметтік барысында қаза тапқан полицейлерге құрмет көрсетті. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің алдына қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан 11 қызметкерге ескерткіш тақтайшасы орнатылды.  Ескерткіштің ашылуына қаза тапқан қызметкерлердің туыстары, ішкі істер органдарының ардагерлері, аудан басшылығы мен жеке құрам қатысты.

Алдымен жиынға қатысушыларды аудан әкімі Төлеген Телғараевпен облыстық ІІД бастығы орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минут еске алды. «Өз өмірінің құнымен қызметтік міндеттерін атқарғандардың, заң мен тәртіпті қорғағандардың есімдері ешқашан ұмытылмайды», – деген басшылар  тақтайша жас полицейлердің мәртебесін көтереді деген пікір айтты.  

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру, қалалық және аудандық ішкі істер органдары жанында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігі айтылған болатын.  Осы мақсатта аудандық полиция бөлімінің алдынан осы күні қабылдау бөлмелері ашылды. Бұл жерден кез-келген Қазақстан азаматы қажетті мәліметтерді ала-алады және арыз-шағымын да жазады. Халықтың тілегін ескере отырып біз, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мен қылмыспен күресті күшейте мүмкіндік бар дейді аудандық полицейлер.


Шаруалар артығымен өнім өндірді
«Тәтті» кәсіпті меңгерген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу