Шаруалар артығымен өнім өндірді

Oinet.kz 04-08-2019 611

Screenshot_10.jpg    

Келес ауданында ауылшарушылық саласында 2019 жылдың 6 айы бойынша межелі нәтижелер орындалды. Жергілікті  шаруа кәсіпкерлері мемлекеттік бағдарламарды тиімді пайдалануының арқасында мол өнімге қол жеткізіп отыр. 

    Атап айтқанда «Құлан» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 105 жылқы сатып алу жоспарланған болса, жыл басынан 50 бас жылқы сатып алынып жылдық меже 47,6 пайызға орындалған. Ал «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 6 айында 393 бас сиыр сатып алу межеленіп, нақты 350 басқа немесе 90 пайызға орындалып отыр. Ал «Алтын асық» бағдарламасы бойынша биылғы жарты жылдықта  1009 ұсақ мал сатып алу жоспарланған екен. Жоспарға сәйкес шаруалар  нақты 945 бас ұсақ мал сатып алған.  Яғни меже 93,7 айызға орындалып отыр. 

    Сондай-ақ ауданда шаруалар ет бизнесін жолға қойып, нәтижер көңіл толтырарлықтай болды. Жалпы биыл 200 тонна қой еті  экспортталуы тиіс болған. Алайда шаруалар бұл межені артығымен орындап 559 тонна ет сатқан.  Ірі қара мал еті де артығымен өндіріліген.  Нақтырақ айтқанда  2329 тонна ірі қара мал еті сатылымға шыққан. 


Қариялар бас қосты
Қабылдау бөлмесі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу