Бруно Феррероның қанатты сөздері

Oinet.kz 25-02-2019 899

199736.jpg

Өзінің бар болғаны қаншалықты маңызды екенін білмейтін адамдар бар. 

Өзіне қаншама адамның мұқтаж екенін білмейтін адамдар бар. 

Өзгенің өмірінде жай ғана пайда болғаны зор бақыт екенін білмейтін адамдар бар. 

Өзгелерге жай күліп қарағаны қаншама қуаныш сыйлайтыны білмейтін адамдар бар. 

Өзінің етене жақындығы бізге олжа екенін білмейтін адамдар бар. 

Ол жоқ болса өзін жер бетіндегі ең соңғы қайыршыдай сезінетін адамдар барын білмейтіндер көп. 

Кей адам өзінің Көктің сыйы екенін білмейді. 

Әттең, соның бәрін дер кезінде айтсақ, білер еді. 

Бруно Ферреро

Аударған Шынар Әбілдә

Санасы ояу әйелді сүюді таңдасаң..
Әйелде дертті жаза алатын қасиет бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу