Жаз мезгілін қалай тиімді пайдалануға болады?

Oinet.kz 26-02-2019 975

196-1476223504-141ebbc519.jpg

Жаз – денсаулықты қолға алатын тамаша кезең. Ауа-райы – жайма-шуақ, күн – ұзақ, яғни үйде отырудың жөні жоқ. Санаулы сағаттарды сапалы өткізіңіз! Өйткені, бүгін, жаздың ең соңғы айына қадам бастық. Жаз мезгілінде қалайша  денсаулықты нығайтуға болады?!

Көбірек жаяу жүріңіз. Егер мүмкіндік болса, бір-екі аялдама ерте түсіп қалып, жаяу жүріңіз. Аяғыңызды шапшаң басып, тереңірек демалыңыз. Осылай 10 минут жүрсеңіз қуат-күшіңіз арта түседі. Найзағай күркірінен кейін немесе жаңбыр себелеп тұрғанда серуендеу өте пайдалы. Мұндай күндері ауа тазарақ болады.

Велосипед тебіңіз. Таза ауада қимыл-қозғалыс жасау оттегінің кіруін жақсартады. Велосипед тебу аяқ бұлшық еттерін қатайтады.

Жүгіріп тұрыңыз. Жүгіру тыныс алу жүйесі мен қан айналым жұмысын реттейді, жүрек қан-тамырларын қатайтады, стресстің алдын алады.

Жалаң аяқ жүріңіз. Шөптің үстінде, құмда, таста жалаң аяқ жүру – нүктелі массаж болып есептеледі. Табандағы нүктелерді ынталандыру өмірге қажетті энергияны оятады.

Шомылыңыз, суда жүріңіз. Таза ауада су процедуралары ағзаны шымыр етеді, қан айналымын жақсартады. Жүзумен қатар суда жүруді немесе су ойындарын ойнасаңыз болады. Бұл, әсіресе, жүзе алмайтындарға жақсы балама. Су суық болса да, аяғыңызды салып отырыңыз. Осылайша иммунитетіңізді жақсартасыз.

Шөбі шүйгін саябаққа, орманға кез келген жерге барыңыз. Орман ауасы тыныс алуды реттейтін, қан құрамындағы гемоглобинді көтеретін, иммунитетті нығайтатын, ми жұмысын жақсартатын заттектермен қаныққан.

Дереккөз : anabol.kz

Қасиетті Қадір түні туралы не білеміз?
Алғаш рет ораза ұстаушыға 15 кеңес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу