Дариға саяси аренаға қайта шыға бастады

Oinet.kz 13-11-2020 2255

Биыл жазда ойда-жоқта Сенаттан кеткен Дариға Назарбаева  Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі" атты онлайн форумында сөз сөйледі.  Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры, Қазақстан жастары конгресі Қамқоршылық кеңесінің төрайымы ретінде. Дариға Назарбаеваның қоғамдық жұмысы мұнымен шектелмейді екен.   

Дариға Назарбаева Конституциялық кеңеске өтініш түсірді – Kyzylorda News

- Осы жолы форум бейнеконференция форматында өтуде. Ешбір техникалық прогресс жеке қауышып, қол алысып қарым-қатынас жасаудың баға жетпес мүмкіндігіне жетпейді. Барлығымыз бір-бірімізді сағынамыз және эпидемияны жеңіп, өміріміз бұрынғы қалпына қайта оралатынына сенімдіміз. Биылғы жыл еліміз үшін және әрбіреуіміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Пандемияның қара бұлты адамдардың денсаулығына нұқсан келтіріп, өмірлерін қиып, әлемге қауіп-қатер төндірді, - деді ол онлайн форумның ашылуында.  

Дариға Назарбаева жақындарынан айырылған азаматтарға көңіл айтты.

- Келесі жыл біз үшін ерекше жыл. Халқымыз үшін маңызды мереке - Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы жақындап келеді. Отыз жыл бұрын ел тарихында жаңа дәуір басталды. Елбасы айтқандай, «Қазақстанның тәуелсіздігі – ата-бабаларымыздың арманы мен жаңа ұрпақтың бүгіні. Халқымыздың өткенін ұмытпай, бүгінін бағалап, болашаққа нық сеніммен қадам басу керек, - деді Дариға Назарбаева. 

Осы аптада сондай-ақ, «Қазақстанның әйелдер күші» ұйымының Қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға Дариға Назарбаева аталған кеңестің төрайымы ретінде қатысқан. 

Жиын барысында ұйымның «саяси партиялар мен атқарушы биліктің 30 пайызы әйлдер құрауы тиіс» деген бастаманы жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып жатқаны айтылған.  

Жалпы, соңғы уақытта Дариға Назарбаеваның белсенділігі байқалады. Бұл немен байланысты? Әйелдердің ұйымы, жастардың жиыны, 30 пайыздық квота. Мұның бәрі де сайлау алдындағы сценарий емес пе? «Нұр Отан» партиясы Д.Назарбаеваның кандидатурасын Мәжіліске ұсынуы мүмкін бе? Кім біледі, бірақ жоққа шығаруға болмайды.  

Шорнақтағы оқиға. Арандатушылық па әлде шектен шығушылық па?
«Бораттың» қай тұсымен келісуге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу