Құрманбекова Мәжіліс мандатынан құр қалды

Oinet.kz 12-01-2021 1030

OINET.KZ хабарлайды - Түркістан облысында  «Nur Otan» партиясының өткізген праймеризінің ақтық сынында Мәжіліс депутаттығына жеті кандидатура ұсынылған болатын. Олар: белгілі кәсіпкер Қайнар Абасов, Мәжіліс депутаты Құдайберген  Ержан, кәсіпкер Сырым Ертаев, опера әншісі Мөлдір  Бақытжанова, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Гүлжан Құрманбекова,  Кентау трансформатор зауытының басқарма төрағасы Хайрулла  Қожабаев  және «Атакент» ауруханасының бас дәрігері Ұлжанат Жұрымбетова. 

Гүлжан Құрманбеоква.jpg

Гүлжан Құрманбекова

Бүгін билік партиясы Мәжілістегі 76 мандатты иеленетін депутаттардың (дәлірегі бес минуты кем депутаттардың) тізімін жариялады. Тізімге Түркістан облысынан жоғарыдағы жеті кандидаттың алғашқы үшеуі ғана енді (Қайнар Абасов, Құдайберген Ержан, Сырым Ертаев). Қалған төртеуінің өкінішке қарай, кандидатуралары өтпей қалды. Мәжілістің мандатынан құр қалғандардың қатарында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің кеңесшісі Гүлжан Құрманбекова да бар.  

Гүлжан Құрманбекова біраз жылдар Шымкент қаласы әкімінің экономика, бюджет жөніндегі орынбасары болған.  2019 жылы Шымкентке Ерлан Айтаханов әкімі болып келгеннен кейін ол ұзамай қызметінен кетті. Артынша ол Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке кеңесші болып барды.  

Құрманбекова праймеризде Отырар ауданынан бақ сынап, мәре сызығына бірінші болып келді. Осылайша облыс әкімінің кеңесшісі осы ауданның «отынымен кіріп, күлімен шығып» жүрген талай кандидатты орта жолда қалдырып, елді таңқалдырған еді. Көпшілік оны Мәжіліске нәзік жандылардың квтотасы бойынша өтуі мүмкін деген. Алайда Құрманбековаға Мәжілістің мандаты бұйырмады.

«Дариға Назарбаева қайтып келді». Мәжіліс депутаттарының тізімі шықты
Экс-депутаттардың ендігі тағдыры не болмақ?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу