Дариға партия құрғалы жатыр

Oinet.kz 23-02-2022 2266

OINET.KZ - «Шетелге қашып кетті, «қамауға алынды», «үстінен іс қозғалды» деген  экс-шенеуніктерге қатысты алыпқашты сөздердің көпшілігі жалған болып шықты. 

Screenshot_1.jpg

Осы аптада «артынып-тартынып шетелге кетіп қалыпты» деген бұрынғы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің  елордадан ұзап шықпағаны белгілі болды. Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке, Павлодар облысының Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке, экс-премьер-министр Асқар Маминге қатысты ешқандай іс жүргізіліп жатпағанын мәлімдеді.

Ал Дариға Назарбаева туралы мәліметтер аз. Тіпті өте жұмбақ деп айтсақ та болады. Бұған дейін Мәжіліс депутаты, «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының тең төрағаларының бірі Айдос Сарым Дариғаның мәжіліс мандатынан бас тартуы тиістігін айтқан болатын. Алайда Дариға не Мәжіліс отырысына келіп қатыспайды, не мандатынан бас тартпайды. Мұның артында үлкен бір гәп бар. 

Жуырда белгілі қоғам белсендісі Санжар Боқаев партия құрғалы жатқанын мәлім етті.

- Біз үміт артып, күтіп шаршадық. Мемлекет естігендей кейіп танытады Біздің үкімет бір жарым айдан бері утильалым мөлшерін белгілей алмай, блогтур ұйымдастырумен айналысып отыр. Лобби кезекті рет мемлекеттен күшті болып шықты. Сондықтан бізге өз партиямыз керек, - деді саясаткер. Санжар Боқаевтың құрғалы жатқан партия «Намыс» деп аталатын көрінеді. Осыдан кейін Жанболат Мамайдың құған Демократиялық партия белсенділерінің бірі Абзал Достияров «Намыстың» артында Дариға Назарбаеваның тұрғанын айта бастады. Бұл болжам қаншалықты қисынды?  

Қисынды болатын жері Санжар Боқаев әр жылдары Алматы қаласы ішкі саясаты басқармасы, жастар саясаты басқармасына жетекшілік еткен, Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеген, "Нұр Отан" партиясы Алматы филиалы төрағасының орынбасары болған, Дариғаның қазіргі күйеуі «ҚазТрансГаз» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевтың және Сенат төрайымы болған жылдары Дариға Назарбаеваның кеңесшісі болған. 

Дегенмен кім біледі? Билікте жүрген жылдары Дариғаның кімдерге көлеңкесі түспеді, кімдерге қолдау білдірмеді дейсіз. Айталық Дариға уақтысында «Асар» партиясын құрған кезде оның партиядағы бірінші орынбасары лауазымын қазіргі Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин атқарған. Алайда жұртшылық Қаринді Назарбаевтар әулетімен байланыстырмайды ғой.

Ауғанстандағы қиналған қазақтарды елшілік қабылдамауда
Украинадағы Қазақстан елшілігі үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу