Украинадағы қазақстандықтар елге жеткізілмек

Oinet.kz 25-02-2022 1090

Screenshot_1.png

Қазақстан Украинадағы азаматтарын репатриация рейсі арқылы елге жеткізбек. Бұл туралы  Қазақстанның Украинадағы Елшілігі хабарлайды.

«2022 жылдың 25-26 ақпанында «Air Astana» әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарлануда. Аталған рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі. Азаматтардан мүмкіндігінше ертең Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.», - делінген хабарламада. 

Қосымша ақпарат алу үшін «Air Astana» өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.

 Еске сала кетейік, бүгін Ресей президенті Владимир Путин Украина аумағында арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын айтты. Осыған байланысты Украина президенті Владимир Зеленский ел халқына үндеу жариялап, Украина аумағында әскери жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді. 

Айта кетейік, Қазақстан Украинадан ел азаматтарын эвакуациялап жатыр. Украинадағы күрделі жағдайларға байланысты қазіргі уақытта сол елдегі ҚР азаматтарына тұрғылықты жерлерінде болу және ҚР елшілігімен және консулдықтарымен тұрақты байланыста болу ұсынылады.



Украинадағы Қазақстан елшілігі үндеу жасады
Кентаудың әкімінің парамен ұсталғаны туралы ақпарат тарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу