Тоқаев әйелдердің зейнет жасын төмендетті
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
"Кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет", - деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.