" /> " /> " /> Боранбаевтың футбол клубы биыл бюджеттен 750 млн теңге алады-Жаңалықтар

Боранбаевтың футбол клубы биыл бюджеттен 750 млн теңге алады

Oinet.kz 22-01-2026 70

Қазақстанның танымал кәсіпкері және ірі инвесторы Қайрат Боранбаевқа тиесілі "Қайрат" футбол клубы 2026 жылы Алматы қаласының бюджетінен 750 миллион теңге алады. Қаражат негізгі құрам, жастар командасы мен академияны, сондай-ақ футзал мен жаттығу процесін қамтамасыз етуге бағытталған.  

image.png

Сонымен қатар, 90 миллион теңге футзалды дамытуға, жаттығу процесіне және спортшылардың жарыстарға қатысуына бөлінеді. Клубқа бөлінетін бюджет сомасы көптеген Алматы қаласының әлеуметтік жобаларына бөлінетін қаражатпен салыстырғанда өте жоғары екенін айта кетейік.  Клуб УЕФА Чемпиондар лигасында бірде-бір жеңіске жете алмай, алматылық жанкүйерлер үшін нәтиже көңіл көншітпеді.

Айта кету керек, УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысу клубқа шамамен 20,2 миллион еуро (12 млрд теңге) кепілдендірілген төлем әкелді. Алайда, алматылық команда еурокубок маусымында бірде-бір жеңіске жете алмай, Лондонның "Арсенал" клубына қарсы соңғы матчпен жарысты аяқтады.

2012 жылдан бері «Қайрат» футбол клубын кәсіпкер әрі Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаев басқарады. Осы кезеңде команда 4 рет Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын 10 рет, Суперкубокты 2 рет жеңіп алды.

Еске салсақ, 2022 жылы Боранбаев үлкен көлемдегі қаражатты жымқыру және сол сияқты заңсыз әрекеттер бойынша күдікке ілінген болатын.  2023 жылғы 31 наурызда сот оны 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, соның ішінде мүліктері тәркіленді және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойы айыру қаралды.  Кейін тергеу мен өтемақы салдарында жаза жеңілді: жазаның бір бөлігін өтеген соң, ол бақылаудағы бостандыққа шығарылды, ал кейбір істер тоқтатылды немесе айыппұлдар т.б. талаптармен аяқталды. 

Торғай облысы қайта құрыла ма немесе 42 санының негізінде не мән жатыр?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу