Иранда уақытша көшбасшы тағайындалды

Oinet.kz 02-03-2026

Аятолла Әли Хаменеидің қазасын соң жаңа жоғарғы көсем сайланғанға дейін бұл өкілеттік уақытша Әлиреза Арафиге берілді, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Аятолла Әлиреза Арафи Иранның жаңа жоғарғы көсемі сайланғанға дейін елді уақытша басқарады.

"Конституцияның 111-бабына сәйкес, онда Конституцияны қорғау кеңесінің заңгерлер санатындағы мүшелерінің бірі уақытша жетекшілік кеңесінің құрамында болуға тиіс деп көрсетілген. Осыған байланысты Саяси мақсатқа сәйкестікті анықтау кеңесі аятолла Әлиреза Арафиді аталған кеңестің мүшесі етіп сайлады. Бұл ел басқаруының үздіксіз жалғасуын қамтамасыз етіп, Сарапшылар кеңесінің Жоғарғы көшбасшыны мүмкіндігінше тезірек сайлауына мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді Иранның Саяси мақсатқа сәйкестікті анықтау кеңесінің ресми өкілі Дехнави.

Мектепте оқушыларға смартфон ұстауға толық тыйым салынбақ
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу