БАӘ Иранға соққы жасады

Oinet.kz 09-03-2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс аясында Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына алғаш рет соққы жасаған болуы мүмкін. Израильдік ақпарат көздері бұл әрекет шектеулі сипатта болғанын және Тегеранға ескерту ретінде жасалғанын айтады, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Израильдің Ynet порталының мәліметінше, шабуыл Иран аумағындағы су тұщыту зауытына бағытталған. 

Израиль билігінің пайымдауынша, аталған соққы БАӘ-нің қақтығысқа толыққанды араласқанын білдірмейді. Сарапшылардың пікірінше, бұл Тегеранға энергетикалық инфрақұрылымға қарсы шабуылдарды тоқтатуды талап ететін ескерту болуы мүмкін.

Бұған дейін Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Таяу Шығыстағы жағдай ушыға түскеннен кейін алғаш рет көпшілік алдында мәлімдеме жасаған еді. Ол елдің қазіргі кезде соғыс жағдайында өмір сүріп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ БАӘ президенті БАӘ Қарулы күштеріне осы кезеңдегі қызметі үшін алғыс айтып, қауіпсіздік құрылымдарының мемлекетке адал қызмет етіп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар ол елде тұратын шетелдік резиденттердің қоғамдағы рөліне де жоғары баға берді.

Иранда уақытша көшбасшы тағайындалды
Қанат Саудабаев: Каддафи кезінде Назарбаевқа бір ұшақ ақша ұсынған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу