Ерлан Қошанов: «Елбасының тапсырмалары жедел қарқынмен жүзеге асырылуы тиіс»

Oinet.kz 24-02-2019 1664

1538390121791217.jpg

Қарағанды облысында Елбасының қыркүйектегі облысқа жасаған сапары барысында берген тапсырмасына сай жүзеге асырылуы тиіс жобалар басталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарағанды қаласының Достық үйінде жұртшылықпен кездесу барысында Елбасы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы Президенттен жаңа әлеуметтік нысандар салу және ЖЭО-2 жаңғырту бойынша тапсырма алды. Компанияның қаражатына Теміртауда емхана, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, балабақша салынуы тиіс. Қарағандыда жүзу бассейні мен Оқушылар сарайы салынуы керек. 

«Бұл қала тұрғындарына бірінші кезекте қажет нысандар. Елбасының тапсырмалары жедел қарқынмен жүзеге асырылуы тиіс. Олардың орындалу барысы ерекше бақылауда», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Марат Бекетаев: «Заң жобасын әзірлеушілер ағылшын тілін білуі тиіс»
Нұрғазы Бұхарбаев: «Әбдірахымовқа келгенде бір жерге бомба екі рет түсті»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу