Дінді пиарға айналдыру өнер жұлдаздары арасында неге көп?

Oinet.kz 20-11-2018 878

Screenshot_17.jpg

Өздерінің ұстаған оразасын, оқыған намаздарын немесе барған қажылықтарын халыққа паш етушілер соңғы кезде көбейіп барады. Әсіресе, бұл өнер жұлдыздары арасында кең тараған. «Ұлы дала баласы» аталып жүрген Төрештің ( Төреғали Төреәлі), Қайрат Нұртастың Меккеге барған суреттері әлеуметтік желіде мыңдаған лайк жинап жатыр. Әрине, атақты азаматтардың дінге бет бұрғаны жақсы жаңалық. Бірақ оның екінші жағы да бар.

– Шариғатта бір нәрсені мақтаныш ретінде, «жұрт мен туралы осылай деп ойласын» деген ниетпен жасалған әрекетті рия дейді.  Аллаға құлшылығымызды жоқ қылып жіберетін нәрсе осы рия. Ол қараңғы түнде құмырсқаның ізіндей ғана болатын өте жіңішке нәрсе, - дейді дін өкілдері.  Өзінің намаз оқып жатқан немесе мешіт ішінде түскен суретін ғаламторға жүктеу де рия болып табылады. Халыққа немесе қоғамға үлгі болсын десе, абзалы сөзбен жасау. Мысалы: уағыздар, діни кітаптар, діни әңгімелер. Пайғамбарымыз (с.а.у) бірінші уағызды түсінікті қылып айтқан, түсініксіз болған кезде үш реттен қайталаған. Және де сол айтқан нәрселерді ісімен дәлелдеп отырған. Алайда, риядан қатты сақтанған Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: « Арштың көлеңкесінде Аллаһ Тағала мынадай мұсылман кісілердің болғанын қалайды екен. Олардың бірі «оң қолы берген садақасын, сол қолы білмейтіндей етіп» беретін жандар. Байқаусызда, ешкімге білдірмей беретін садақа дұрыс. Алайда, садақа берген соң, менің атым айтылмады деген дұрыс емес ой. Намазхан намазын өзі үшін, оразашы оразасын өзі үшін, ал садақа беруші садақасын өзі үшін және барлығы да Аллаһ разылығы үшін жасайды. Мен туралы осылай ойласын немесе осы жасағанымды ел көрсін деу жалғандыққа бет бұру болады. Демек, бұл «сауапсыз» жасалатын қайырлы іс саналады. 

Яғни дінді, Аллаға деген құлшылықты пиарға айналдырудан сақтанайық, ағайын! 

Жантілеу СӘДУАХАС,

ХҚТУ 2-курс студенті

Заманауи хиджаб. Бұл Исламның үкімі ме, әлде сән бе?
​Кіндік ашып, қылады кімді ғашық?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу