Қаржы пирамидасынан сақ болыңыз!

Oinet.kz 29-11-2019 2686

Қаржылық пирамида – бұл қандайда бір инвестициялық жобаға халықтың қаржысын тартатын, бірақ шын мәнінде ешбір инвестициялық қызметпен айналыспайтын, жобаның қатысушыларына төлемдер жүргізуді жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаттары есебінен жүзеге асыратын ұйым. Бұл қаржылық инвестициялар нарығында алаяқтық әрекеттердің кең таралу түрлерінің бірі болып табылады және ел экономикасына, тұтастай  халыққа зиян келтіруі мүмкін.

Screenshot_5.jpg

Қаржылық пирамидалар салымшылардан мүшелікке кіру жарнасынан басқа, ешқандай жұмысты талап етпей жоғары пайыздық кепілдіктер беретін болған соң оңай олжаға тез сенетін азаматтар тәуекелге барып, барлық жиған-тергендерін, дүние-мүліктерін салады. Адамдарға кең ауқымда жүргізілген жарнамалық акциялар арқылы осы мекемелердің құрамына кірген адамдар үгіттеулер жүргізеді. Қызметтің заңдылығына сендіру мақсатында келісімшарттар жасалады, ал нақты алғанда азаматтардың ешбірі қандай құжатқа қол қойып жатқанын білмейді.

Ақпараттық технологиялардың дамуымен қаржы пирамидаларының қызметтері интернет желісі арқылы да жүргізіле бастады, мұнда тұрғындарға желілік маркетингтен бастап басқа адамдарды тарту есебінен табыс табуға дейінгі жеңіл табыстың түрлі тәсілдері ұсынылады.

Қаржылық пирамида сызбаларын пайдалану арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды заңнамалармен жауапкершілікке тарту қарастырылған. Сондықтан қаржылық пирамидалар құрамына кіруден сақтаныңыз.

Ө.ҚАРАБЕКОВ,

Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы 

Ең қымбат пәтер қай қалада?
ҰБТ – өмір емтиханы емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу