Көкшетауда 300 мың теңге көлемінде пара алудан бас тартқан полицей марапатталды

Oinet.kz 08-02-2023 1204

Көкшетауда 300 мың теңге көлемінде пара алудан бас тартқан полицей марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Screenshot_3.jpg

6 ақпанда қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, борышына адалдығы және берік азаматтық ұстанымы үшін полиция қызметкері Қанат Жаңаев грамотамен марапатталды. Марапатты полиция департаментінің бастығы Думан Таев жеке тапсырды. 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкеріне Көкшетау массаж салондарының бірінің әкімшісі 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы ұсынған. Бұған дейін жедел уәкілдер бұл салонда терапевтік массаж деген атпен қыздар интимдік қызмет көрсеткенін анықтаған, осылайша әйел мекеменің заңсыз қызметі үшін құқық қорғау органы қызметкерінің қамқорлығына өтуге тырысқан. 

Қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы дереу өзінің тікелей басшылығына және полиция департаментінің құзыретті бөлімшелеріне хабарлаған. 

Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өңірлік департаментінің бірлескен арнайы операциясы барысында әкімші қолма-қол ақша беру кезінде ұсталды. Тергелуі бойынша іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді.

Полиция департаментінің бастығы Думан Таевтың тапсырмасы бойынша ведомствода полиция қызметкерлерінің парасаттылығын тексеру тетігін енгізу бойынша жұмыс басталды (Integrity Сһеск). Жоба полиция қызметкерінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға бейімділігін анықтауға мүмкіндік беретін түрлі жағдайларды модельдеуді көздейді.

Бірінші кезекте мұндай тексеруден халықпен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын қызмет қызметкерлері өтеді: учаскелік инспекторлар, ювеналды, патрульдік полицейлер, көші-қон қызметінің және кезекші бөлімдердің қызметкерлері.

Онколог қатерлі ісікке шалдыққан адамның сыртқы келбетінде қандай өзгеріс болатын айтты
Түркістан облысында Әдеп кодексінің нормаларын бұзу жайы төмендеген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу