200 мың студент далада қала ма?

Oinet.kz 17-01-2009 1098

2018101705224462.jpeg

Қаржылық дағдарыстың кесірінен енді білім саласы да зардап шегіп  отыр. Осы аптада Мәжілістің депутаты Сағынбек Тұрсынов жағаны ұстататын мәлімет келтірді. Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында халық қалаулысы еліміздегі 200  мыңнан астам қазақстандық студент оқу ақысын төлей алмағандықтан жоғары оқу орындарынан шығарылғандығын жеткізді. Халық қалаулысы бұл мәселеге Үкіметтің араласып, жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын қайта қарау ықпал жасауын  талап етті. Бір ғана  Алматының ең ірі 10 университетінде оқу ақысын төлемегені үшін 85 мың студент қысқы сессияға жіберілмепті.  Ал облыстарда жағдай бұдан да қиын көрінеді. Оқу орындарының басшылығы ешқандай шара қолданбай отыр.  

- Бұл мәселені шешуге Білім және ғылым министрлігі өзінің қауқарсыздығын көрсетуде, егер осыншама студент далада қалса, дәл қазір Үкіметтің де оларды жұмыспен қамтуға шамасы жетпейді. Қазақстанда кейбір жоғары оқу орындарында оқу ақысының көлемі Еуропа, Азия елдеріндегі, мысалы Оксфорд, Пекин университеттерінен де асып кеткен. Ал білім сапасы қай елде жақсы екені бәрімізге белгілі. Мәселені тез арада шешпесек, көктемгі емтихан кезінде студенттердің 40 пайызы далада қалады» - деп мәлімдеді депутат. 

"Рейтинг" газеті


Биометриялық паспорт «Қазақстандық ұлттың»бастамасы емес пе?
Кәрім Мәсімов - әрі премьер, әрі блогер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу