“Мәңгілік бала бейне” 10 жылдан соң сахнаға қайта оралды

Oinet.kz 29-02-2024 502

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драмма театры «Мәңгілік бала бейне» қойылымын қайта сахналады. Бұл жолы режиссер Елік Нұрсұлтан ұстазының ізімен, жаңа актерлар арқылы қойылым премьерасын жасады.

IMG-20240228-WA0022.jpg

1996 жылы сахналанған бұл қойылым – Роза Мұқанованың қаламынан туған тағдырлы шығарма. Адам тағдырының қаншалықты маңызды екенін, саяси шешімдердің көлеңкелі тұсын нақтылай көрсете алған туынды. Семей ядролық полигонындағы сынақтың зардабы  Хиросимаға тасталған бомбадан 2500 есе асып түскен.  Ал адамдардың шеккен зардабы туралы айту немесе ойлау тіпті қиын. 

Мәңгілік бала бейнесінде қалған Ләйлә-қыздың тағдыры көрерменнің көзіне жас ұялатты. Полигон жабылғанына қанша жыл өтсе де, Қарауылдың қайғысын дәл сол сәттегідей сезіне алдық. Жыладық. Күлдік. Күрсіндік. Жаңарған актерлық құраммен қойылым қайта жанданған. 

1996 жылдан 2014 жылға дейін 18 жыл қатарынан ангшлакпен өткен.  Қойылым 10 жылдан соң, тағы да ангшлагпен өтті. 

Актерлар жаңарса да, көркемдік шешім, оқиға желісі жүректің қаныман жазылғандай өте ауыр. Депутат әйел, Қатира, Ләйлі, тіпті Құмар да өзіне сендіре алды. Шерхан Пірназар танымал актер ретінде қайғылы Қараулыға сапар шегеді. Өмірдегідей. Ол қойылымда да шиеленісті оқиғада, шындық айтылар тұста маймылша секіріп, адамдардың ойын бұра әкетеді. Саяси технологиядағыдай. Сәтті шыққан образ. Ақләйлектің тағдырын 500 долларға саудалаған Құмардың да образы, сенім мен сенімді алдаудың үлгісіндей. Үміттендіреді. Жылатады. 

Ләйләні аяп емес, оның тағдырына сеніп, жылады көрермен. Не де болса, режисер Атабаевтың шырағы сөнбеген екен. Оның режисерлік шешімі сахнада қайтадан көрініс тапты.

Шам жарығында кездескенше...
Жан алғыш «нәзік жандылар»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу