Көзі тірі соғыс ардагерлері 688 ғана...

Oinet.kz 03-05-2013 904

...Неменеңе жетістің бала батыр, 

  Қариялар азайып бара жатыр. 

 Бірі мініп келместің кемесіне, 

 Бірі күтіп әнекей, жағада тұр!

Мұқағали Мақатаев 

image.png

01.09.2009 жыл - 1575

01.05.2010 жыл - 1322

01.05.2011 жыл - 1133

01.05.2012 жыл - 890

01.05.2013 жыл - 688

Соңғы 5 жылдағы цифрларды осылайша сөйлетудің өзі арамыздағы ардақ тұтар соғыс ардагерлерінің саны жыл жылжыған сайын қаншалықты азайып бара жатқаны жайлы терең ойға қалдырары анық. Ал жалпы екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысына  Оңтүстік Қазақстан облысынан 140 мыңнан астам жауынгер аттанса,оның небәрі 43 мыңға жуығына туған жердің топырағына қайта оралу бақыты бұйырыпты. Міне, осы 43 мыңнан биылғы мамыр айына дейін бар-жоғы  688-іне  ғана мына жалған дүниенің жарығын көру еншісіне жазылған екен. Қазір бірде-бір соғыс ардагері қалмаған ауылдар көптеп саналады. Ауыл былай тұрсын, ардагері аз аудандар да жиілеп барады. Мәселен, Жеңістің 68 жылдығы қарсаңында Бәйдібек пен Шардара аудандарында небәрі 6-ақ ардагер аман-сау жүргені жүрегіңді жылататын-ақ факт.

«Өлі разы болмай тірі байымайды». Оңтүстіктен Отан қорғауға аттанған жауынгерлердің де есімдері түгелдей тасқа қашалып жазылған Даңқ мемориалы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында ашылып, ол бүгінде жас ұрпақ үшін бірден-бір тағзым орнына айналды. Өте орынды. Алайда, ардагерлерге ерекше құрмет көрсету үшін айтулы датаны, мәселен, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын күтудің қажеті бар ма? Жеңістің 70 жылдығына  дейін арамызда көзі тірі қанша ардагер қалмақ? Ақиық ақын Мұқағали айтпақшы, «Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп әнекей жағада тұр»...

Ақын Тәжіметов: «Қызым «Желтоқсан көтерілісінің» ызғарына ұрынды»
Сапалы маманға сұраныс туады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу