Вице-министр Марат Бекетаев мас!

Oinet.kz 03-07-2009 936

Screenshot_1.jpg

Жыл сайын елімізде 30 мыңнан астам мас адам автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталып жатады. Арасында әжептеуір салмағы бар шенеуніктер,  басқарма бастықтары мен депутаттар да кездесіп қалады. Бұл абыройсыз тізімді жақында  еліміздің әділет вице-министрі Марат Бекетаев толықтыра түсті. Түн ортасында «Тойота-камри» автокөлігін жүргізген азамат жол полицейлерінің назарына ілігеді. «Құжаттарын тексере бастаған кезде ол өзінің вице-министр екенін айтып, қызметтік төлқұжатын шірене ұсынды. Өзі удай мас», - дейді Астана қалалық жол полициясы басқармасының бастығы Бақыткелді Айқымбеков. Бекетов медициналық тексеруден өтуге үзілді-кесілді қарсылық танытты. Қазір 32-жасар шенеуніктің ісі Астананың әкімшілік сотында қаралуда. Айта кетейік, бұған дейін Бекетаев өзге мемлекеттік қызметкерлерге үлгі ретінде көрсетіліп келген. Өз міндетін мінсіз атқарғаны үшін кезінде  «Қазақстан конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған. Жас шенеунік неден бұзылды? Еліміздегі әділетсіздіктен бе, әлде... 

Шенеуніктер сайттан қашатындай сайтан ба екен?
Гүлайша Мүсілтаева: «Банктер халықты «алаяқ» деп айыптай бастады...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу