Шымкенттік судья Шара Бисембиева шығарған үкімінен 478 қате шықты

Oinet.kz 06-11-2009 986

Screenshot_11.png

Шымкенттік судьялар сыннан көз ашпай келеді. Осыдан біраз уақыт бұрын сол кездегі Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми Шымкентте өткен судьялардың жиынында Абай аудандық сотының судьясы Ғани Сасбұқаевтың шығарған шешімінде 72 қатенің өріп жүргенін бетке басып тұрып айтқаны ұмытыла қойған жоқ еді. Енді міне, судьялар арасындағы сауатсыздық тағы да жалпақ елге жария болды.

«Біздің қолымызға шымкенттік бір судьяның үкімі түсті. Оны қараған лингвистер бас-аяғы 478 қате тапты. Қате тек грамматикалық ғана емес, түсініксіздік те бар. Үкімнің авторы әл-Фараби аудандық сотының судьясы Шара Бисембиева. Облыстық соттың хабарлауынша, бір үкімде 72 қате жібіргені  үшін  Ғани Сасбұқаев қызметінен босатылды. Ал, 478 қатенің авторы Шара Бисембиева әлі күнге қызыметін атқарып жүр», деп жазады «Центральная Азия Monitor» газеті.

Дүниеде сүрінбейтін тұяқ жоқ десек те,  екі мамандық иесінің қателесуге жол беруіне болмайды. Оның бірі--дәрігер, екіншісі судья. Өйткені бұл екі мамандық иесі адам тағдырын шешеді. Ал, адам тағдырын шешеді деген судья болмайтын жерден қателесіп, масқара болып отырса не дейсіз?!

 Шара Бисембиева талай шулы істерді жүргізген судья ретінде белгілі. Оның өндірісінде жұртты дүрліктірген  «Дикий Арманның», Шымкентте жарылыс жасамақ болған террористік топтардың, парамен ұсталған бұрынғы құрылыс департаментінің директоры Ахметжан Сәбденовтың істері болған. Аталған күрделі істер тек білікті, тәжірибесі мол судьяға  ғана сеніп тапсырылса керек... Мұндайда «Сенген судьям сен болсаң...»  дегеннен басқа не айтарсың?!

"Рейтинг" газеті №39, 6 қараша 2009 жыл

Бес айдан бері ішкі саясат басқармасына бастық табылмай тұр
Мансапқа мастану. Рахат Әлиев пен Гаухар Әлиеваны не байланыстырады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу