Пияз сусыны қатерлі ісік ауруын азайтады

Oinet.kz 20-03-2014 864

1479025079_luk-repchatiy3-700x400.jpg

Қызылордада нанотехнологияларды қолдана отырып пияздан қатерлі ісік ауруы жасушаларын жоюға қабілетті сусындар шағарылатын болды. Оңтүстік Корея компанияларымен  облыс басшысы Қырымбек Көшербаев осындай келісімге келді.
"Біздің зерттеуіміз нанотехнологияны қолдана отырып жасалатын пияз сусындары 70 пайызға дейін ісік ауруы жасушаларын өлтіретіндігін дәлелдеді. Біз Қазақстанда тұңғыш рет бұл жобаны Қызылорда жерінде іске асыратындығымызға өте қуаныштымыз. Жобаны іске асыру үшін Қызылордамен бірге Шығыс Қазақстан облысы да қызығушылық танытқан еді. Бірақ, бізге Қызылорданың климатты шикізатты өсіруге қолайлы болып көрінді", - деді меморандумға қол қойған кореялық компанияның басқарма төрағасы Саймон Ким.

Жалпы Сыр өңірінде соңғы жылдары медицинада серпілістер байқалады.  Соңғы үш жылдың көлемінде ауылдық жерлерде медицина мамандарының тапшылығы 10,4 пайызға төмепдеп, 2011-2013 жылдар аралығында аудандық және ауылдық емдеу алдын алу ұйымдарында 123 маман қызметке орналасыпты.  Бүгінгі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина мекемелерінде жоғары білімді дәрігерлер лауазымына тапшылық 90 орынды құрайды. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 1,4 есеге төмендеген. Салаға қажетті мамандардың 40 пайызы ауылдық жердегі емдеу орындарына қажет етіледі. Яғни, жергілікті өңірлерге 36 маман қажет. Ал облыстық және қалалық емдеу орындары 54 маманға сұраныс беріп отыр. 

Алайда жақында өңірге жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова облыстағы емхана, ауруханаларды аралағанда материалдық-техникалық базаға көңілі толмады. Облыс әкімі министрдің бұл сынына «аталмыш салаға мемлекеттік қазынадан бөлінетін қаржының жыл сайын еселеніп жатқандығын айтып, алдағы уақытта медициналық мекмелердің материалдық базаны толығымен жаңартамыз» деген жауап қатты.

Есімовтың орына Дариға Назарбаева ауыспайтын болды
Лесбек АМАНОВ: «Қара бауыр қасқалдақ-Қонаев, қаңғып келген шүрегей-Колбин»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу