Өркениетті елдердің бәрін технар ұлтшылдар басқарады

Oinet.kz 02-09-2020 765

Screenshot_5.jpg

Ұлтшыл болмау өзіңе қас. Əсіресе үш ғасыр отарлықты басынан кешіріп, тəуелсіздікке жаңа қол жеткізген қазақ үшін. Қазір қазақтың көбі "Мен ұлтшыл емеспін, жəй ғана ұлтжандымын, ұлтымды сүйем, патриотпын" деп ұлтшылдықтан ат-тонын ала қашады. Ұлтын сүйсе ұлтшыл неге болмайды?

Ұлтжанды деген сөз қазақ тілінде бұрын болмаған. Итжанды деген сөз бар. Ит сияқты төзімді деген мағынада. Ұлтжанды сөзі қазақтың рухын оятпау үшін қазақты өзінің төл сөзінен де адастырып, ата-басының ұлтшылдық дəстүрін ұмыттыру мақсатында екібеткей орысшылдар əдейі ойдан шығарған жасанды сөз. Өткен ғасырдағы қызыл террор кезіндегі репрессия мен Желтоқсан "бүлігі"-нен кейін қазақта ұлтшыл қалмаған, ұлтшылдық жойылған, қазіргі қалған қазақта ұлт туралы сөз қозғағандар ұлтын жақсы көретіндер ғана ("қимайтын, жасыра алмайтын, орысша кездейсоқ үйреніп үлгірмеген, ана тілін байқаусызда ұмыта алмай қалғандар") деп империяға адалдықтарын дəлелдеу үшінгі ойлап тапқандары осы сөз. Мұның ар жағында ғасырлар бойы отаршыл орыс тарапынан жүргізілген қазақты ұлтсыздандыру саясатының ұшқыны жатыр.

Бұлардың ұлтшыл деген сөзден қорқатын себебі ұлтшыл адам ұлтын қорғайды. Əсіресе тəуелсіз ел бола тұра дүниежүзінен оқшауланып орыспен ғана одақтасып, саяси, экономикалық, барлық жағынан орысқа тəуелді боп қалған қазіргі жағдайда ұлтшылдық қана орыс пен орысшылдардың арамза ойына тосқауыл бола алады. Демек, билік орысшыл болса ұлтшылдықты жойғысы келері де заңдылық.

"Ұлтжанды" пенде ұлтын жай ғана іштей "ұнататын" болса ұлтшыл адам ашық айтып, ашық қорғайды. Ұлтжанды патриотпыз дей тұра, ана тілі деп айтпай-ақ қояйық, өз елінің мемлекеттік тілін білмейтін, басқа елдің сойылын соғатындар мен ұлтшылдардың қайсысы қазақтың мүддесін қорғап жүргеніне халық өзі төреші. Патриот болса олар өз елінің, өз ұлтының тілін білмейтіні қалай? Нонсенс. Сонда кім сенеді бұларға? Олардың патриоттығы өтірік. Өзінің екіжүзділігін жасырған маскасы.

Кейбіреулер мəселенің парқына бармай ұлтшылдықты нацизмге де теңеп даурығады. Аргументтері жоқ болса орысшыл камунистерден үйренген ескі совок тәсілдерін қолданады. Яғни жала жаба салады.

Нацизм дегеніміз өз ұлтын басқадан жоғары қою. Милитарист орыстың шовинизмі мен империализмі, рашизмі одан да қауіпті. Шовинизм - өз ұлтын дəріптеумен бірге басқа ұлтқа да өз мүддесін таңып, оларды өзіне сіңіріп жоқ қып жібергісі келетін өктемшілдік.

Қазақта осылардың біреуі де жоқ.

Қазақтың ұлтшылдығы шын мəнінде жан сақтауға ғана бағытталған. Қазақтың ешкімде хақысы жоқ. Ешкімді басынып, басқыншылық жасамайды. Ғасырлар бойы тек елінің тыныштығы мен жерінің бүтіндігі, қатын, бала-шағасының амандығы мен ұрпағының болашағы үшін, тілі мен салт- дəстүрінен айрылып, ұлт ретінде құрып кетпеуі үшін күресті. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-баба аманаты да осы. Аманатқа қиянат жасаса қазақтың өз бағы қайтады.

Қазіргі заманда ұлтшыл болмаған ұлт құрып жоғалады.

САҚ НАСЫР САМАТ

Илон Масктың ғаламдық 4 гегажобасы
Біз ОҢТҮСТІК КОРЕЯ сияқты бола аламыз ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу