Өмір туралы эссе. Өмір зулап барады

Oinet.kz 05-09-2020 1253

Ағысы қатты өзен екен дейді. 25, 35, 45 жас үшеуі сол өзеннің жағасында отырса, қарсы жағалауға өңшең сұлу қыз-келіншектер келіп суға шомыла бастапты. Арасында бұларға қарап қол бұлғапта қояды. Мұны көріп шыдай алмаған қызу қанды 25 қатты ағысқа қарамай құлаштап жүзе жөнеледі. Қыз-қырқынға әуесі кеткен 35 те өзеннен өтуге бел байлайды. Бірақ қауіпсіздігінде ұмытпай үлкен бөренені қайық етіп алады. Кетіп бара жатып жайбырақат отырған 45 ке:

--Аға-ау, жүрсеңші арғы жағалауға қыздарға барайық -десе, 45 жас айтқан екен:

--Әй, несін асығасыңдар, сабыр етіп сәл шыдасаңдар олар өздері ақ келеді деп)

Сол айтқандай, мына қырық деген ақыл тоқтатып, не нәрсе болмасын сабырмен салмақтайтын жас екен. Алды-артыңды ойлап, бір мезгіл тоқталып өткен күндеріңе есеп беретін «өмір бекеті» деседе болады.

Құдай тағала қанша жас берседе шүкір-тобамды ұмытпаспын. Тек, Алладан тілерім -салмақты сабырымды ала көрме жаратқан!

Иә, сонымен 43 жас хош келдің! Аллаға тәуекел етіп бұйрғанын көріп алармыз. Аман болайық, ағайын!

Айдар Темірбекұлы

Іні туралы эссе, іні туралы лебіз
"Үйге кірсең таяқ жейсің". Құрдастар туралы эссе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу