Айдар Темірбекұлы. Көңілім көктем еді

Oinet.kz 05-09-2020 714

Кейінгі күндері бар ойым ескірген қораны бұзып қайта салу болып жүрген. Күздің қазан айыда болды, биылдан қалды ау. Амандық болса келер көктемде бастармын. Саз балшықтан соғылған қора болсада осы уақытқа дейін шыдағанына рахымет. Өзін тұрғызғаныма неше жыл болды екен... -деп, іштей ойланып отырсам, әйелім қасыма келіп:

--Жирма жыл болды -деп тұр. Аузым ашылып, ойымды оқып қойғанына таң қалдым. Бір жағынан ырза болып:

--Сені жаныма жар етіп таңдағанда жаңылмаған екенмін. Ойымдағы "қайғыны" айтқызбай таптың -дедім. Олда кішкене желпініп қалды.

--Иә, бүгін үйленгенімізге жирма жыл толды. Сіздің соны ойлап тұрғаныңызды білдім -деп тұр. Оның бұл "тапқырлығы" маған тосын тигені соншалық:

--А-ал, қора ше! -деппін қапелімде сөз таппай)

Ол күлгендей көрінді. Қазан, ошақтан аспайтын әдемі әзілдері болушы еді, бұл жолы тереңдеу кетті.

Тағыда ойға кеттім. Біз үйленгенде тап осындай сары ала күз едіғой. Ағайындар той қымына кірісіп, мал сойылып, қазан көтеріліп абыр-сабыр болдыда қалды. Анам байғұс алғашқы келінін түсіріп толқып жүр. Аяқ астынан болған тойға көк өніс, жеміс-жидек дегеннің бәрі оңай табыла кетті. Малда семіз, күнде жылы айналайын алтын күз берекелді маусымғой, әйтуір бәрінің сәті келе қалды. Ойламаған жерден ой салған әйелімнің сөзінен кейін есіме түсіп жатыр да. Айтпақшы, қораныда үйленген жылы күз айында үлкейткен екенмін ау. Малдарға тарлық еткенсоң солай жасадым. "Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды" не деген данышпан едің қазақ.

Иә, ол жаңылмапты, тура жирма жыл өткен екен. Менің көңіліме күні кешегідей көрінеді. Сенбейін десең жылдардың куәсіндей болып екі ұлым, бір қызым тұр. Күндер -ай, десеңші зымыраған. Көңілім көктем еді, "жирма жыл өтті" дегенде күздей күреңітіп қалғанымды байқадым.

Ойым бөлінсін деп талдарға қарап едім самсаған сары жапырақтар еңсемді басып, одан сайын ойым ауырлай түсті. Әлде, өзіме солай сезілді мекен. Бәлкім, ескіре бастаған естеліктерді еске алғаннанда болар. Не де болса күрең күзді күнәлағым жоқ. Бұлда бір уақыт заңына бағынған табиғаттың тамаша сыйығой. Қайта айналып келебер, сарытап сағынышқа толы сары күз.

Айдар Темірбекұлы

Теберік деген не?
Фейк деген кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу