Салықбай мерген. Қызыл жендеттерді құм құштырған Мойынқұм жалдары

Oinet.kz 05-09-2020 883

Мойынқұм жалы.jpg

Созақ ауданы жартылай шөлейтті аймаққа жататындықтан құм арасында адасып шөлден көз жұматын жағдайлар да болып тұрады. Бірі-бірінен аумайтын Мойынқұмның жалдарында адаспай жол табу қиынның-қиыны. Атақты "Аллаху" көтерілісін бастаушылардың бірі Салықбай мерген соңына түскен қызыл жендеттерді адастырып, құм құштырғаны тарихтан белгілі. Бір қызығы, құм арасында шөлден жан тапсырғандардың барлығы, жерді тырналай қазып аузына құм толтырып алады екен. Мұның себебін қариялар былай түсіндіреді:

"Шөлден әбден қиналған адам соңында өзін жоғалтып алады. Айнала сусыған құм көзіне теңіз болып көрінеді. Адам сондай жағдайға жеткенде құмды су сіміргендей аузына тыға береді де қақалып, қиналып өледі екен" Құдай басқа салмасын

Жеуін қоймайтын жемқорларды айтамын да. Құм арасында шөлден қысылған пендедей өзін жоғалтып алады ау. Аузына тыққан сайын құмары қанбай, соңын да қақалып, қиналып өлерін білер мекен шіркіндер.

"Ашыққаннан құныққан жаман" дейді дана халқымыз. Айдын күннің аманында адасып жүргендерге айтарым: Не болсада елмен бірге жүріп, елмен бірге көріңіздер. Нұрлы жолдың бағытымен жүреміз деп, Салықбайдың ізіне түскен қызыл жендеттердей соңында құм асап қалмасаңдар болғаны.

Айналаға байыппен қарасаңыз ғибратқа толы дүниелер көп қой. Қандай болмасын өз қазағым болған соң айтып отырмын. Ал, ара жігін ашып, "ақиқаты былай" дегің келсе ерік өзің де, ағайын!

Айдар Темірбекұлы

Хан мен уәзір. Немесе қазақ іші өтсе де неге биліктен көреді?
Байдың екі қатыны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу