Оралхан Бөкей. Білімдіге бес сауал

Oinet.kz 05-09-2020 1190

Оралхан Бөкей.jpg

"Адам баласын құртатын ой емес ойсыздық шығар" деп өткен  Оралхан Бөкейдің "Атау кере"  кітабынан алынды. "Білімдіге бес сауал" тақырыбымен көзі ашық, көкірегі ояу, айтары бар, ойшыл оқырмандар үшін ортаға салдым. Оралханның өмірден алынған сұрақтарына, шама-шарқыңызша жауап іздеп көріңіз. Кім қалай қабылдайды, қандай ой айтады ерікті. Барлығына құрметпен қараймын. Тек, тіл тазалығын сақтасаңыз болғаны!

Сонымен: Оралхан Бөкей "Неге біз осы...?"

Неге біз осы бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап кетердей, мұрнымыздан қан аққанша жиямыз, а?

***************************

Неге бiз осы итжандымыз, басқа қаңқ еткiзiп теуiп жiберсе де, қыңсылаған күйі "иемiздің" етегіне оралып, аяғын жалаймыз?!

****************************

Неге біз осы өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы - өтірік өмір сүреміз, а?..

****************************

Неге біз осы өзіміздің бұл әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз... Неге біз осы қатыгез де, қасиетсіз болып кеттік?..

*****************************

Неге біз осы оқта-текте жылап алмаймыз?.. Неге?

******************************

"Неге біз осы..."

...көр соқырдай қалай жетелесе, солай ере береміз...

Кім үшін, не үшін өмір сүрерімізді ақыл таразысына салмай сандаламыз.


Сыр күріш. Байдың баласы туралы
Шырша. Жаңа жыл. Шыршаны айналған балалар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу