Туған ауыл. Туған жер туралы өлең

Oinet.kz 05-09-2020 649

Дұрыс айттың Аян аға ,дұрыс айттың ,

Жарты - төбе жарты емес - Қаратаудың биігі ,

Биігінде еркелей ойнақтайды киігі.

Жалғасады ары қарай Үштөбенің көмбесі ,

Етегінде Аққолтық әппақ айдың бейнесі !

Сылдырайды ән боп кеткен Шиліөзені қазақтың ,

Қандымсайдан бұлақ-бастау алғаны ол Созақтың !

Жанындағы қорған - қала Майтөбе де ашылмаған құпия,

Қоныс еткен халқымыздың көңілі бір дария !

Сағымданып көрінеді Келіншектау , Мыңжылқы ,

Шығысында сайын далам , жусанының иісі

Абай айтқан бір түйірі топырағыңның ,

Менмін , мен боп кетем , ұрпағым қалсын мендегі !

Мұрат Шитыбаев

Мөлдір махаббат. Махаббату туралы өнегелі әңгіме
Томас Джефферсон: Демократия хақында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу