Адамның жүрегі қандай болса тілінен сондай сөз шығады

Oinet.kz 06-09-2020 1294

Әйел.jpg

Ақкөңіл,  сабырлы,  даналығымен   аты шыққан бір  адам өмір сүреді. Оның кіріскен әрбір жұмыс сәтті аяқталатын. Барлығы құрметтеп,   кеңес  алу үшін оған жиі  келетін. Бірде   үйіне   үнемі  қызғанатын көршісі  келеді. Көршісі   тәкәппарланып  айтады :  - Өмірімде  барлық  нәрсе  бар !  - Тоқшылықта  өмір  сүремін. Бірақ  маған  қарағанда қаламызда сені көп  құрметтейді. Қалай ойлайсың мен   кімге ұқсаймын ? Дана  адам  жымиып  айтады  : -  Құдайға  ұқсайсың. Қызғаншақ  көршісі  мәз  болып  күледі. Бірақ   досына  бір жамандық  жасағысы  келіп айқайлайды : Ал сен қоқысқа ұқсайсың ! Маған қаладағы  барлық  адамның саған  келетіні  түсініксіз !  Дана  адам   ештеңе  жауап  бермейді , жәй  жымияды. Көршісі  одан  сайын  ашуланып : - Мені  Құдай  деп  атадың,  мен болсам сені қоқыс дедім,  менің сөздеріме неге ренжімейсің ?  Дана адам : Мұның  несіне  ренжимін, -  деп  жауап  береді.  - Кім  өзінде  Алланы таныса сол  адам  басқа  адамдардан  да Алланы көреді. Ал кімнің іші   қоқысқа  толы  болса  ол  адам  айналасынан қоқыстан  басқа  ештеңе  көрмейді.

Бір ғұламадан біреу :  – Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді біреулері көре алмас, күншіл келеді ?,   – деп сұрапты. – Өмірде адамдардың екі түрін байқадым. Оның бір тобы шыбындарға ұқсайды. Шыбынның іздегені – нәжіс. Шыбынды гүлзар баққа жіберсең де, ол соның ішінен нәжіс тауып, соған қонады. Сасық иістен ләззат алады. Оның мұрны жұпар иіс сезбейді. Адамдардың екінші тобы бал арасы сияқты. Бал арасы кез келген жерден гүл іздейді. Мысалы: мал қораның шетіне бір тал гүл қойып, араны жіберсеңіз, ол міндетті түрде гүлді табады. Ақжүрек адамдар бал арасы секілді жақсылыққа құмар болады. Олар кез келген ортада Алланың хикметін көреді. Мал құмар, көңілі соқыр надандар шыбынға ұқсап өсек-аяңға үйір болып, кісілердің ұсақ-түйек кемшіліктерін жиып-теріп жүреді. Олар жақсы әңгімеден ләззат ала алмайды, – деп жауап беріпті ғұлама...

Данышпанның шәкірттеріне айтқан өсиеті
Етікші. Адал еңбек туралы эссе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу