Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Oinet.kz 04-05-2023 824

Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Screenshot_13.jpg

Сәуірдің аяғында полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адамның денесін марқұмның пәтерінен тапқан. Марқұмның анасы ер адамның жанында болған.

"50 жастағы ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылды. Ер адам жанында оның 85 жастағы анасы болды. Анасы мен баласы облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қылмыстық істің тергеуі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қылмыстың себебін анықтап жатыр.

Алматыда төбелестен зардап шеккен бір жігіттің көзі көрмей қалуы мүмкін
Сот Гүлмира Сатыбалдыдан қанша ақша өндірді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу