Сот Гүлмира Сатыбалдыдан қанша ақша өндірді?
Астана соты Гүлмира Сатыбалдыдан 6,5 миллиард теңгеден аса соманы өндіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Сот Түрсен Алагөзовтың материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандыру туралы ұйғарым шығарды.
"Сатыбалдыдан жәбірленуші Алагөзовтың пайдасына GALANZ bottlers АҚ жай акцияларының 43,25 пайызын заттай қайтару арқылы 6,5 миллиард теңге мөлшерінде материалдық залал және 1 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян сомасы өндіріп алынсын. Сондай-ақ, Сатыбалдыдан мемлекет кірісіне 6,8 миллион теңге өндіріп алынсын", - деді судья Кемеңгер Имашев.


