Хақты қалай табуға болады?

Oinet.kz 07-09-2020 766

Сұрақ: Мен араласып жүрген жамағат дұрыс жолда ма, әлде бұрыс жолда ма деп күмәнданып жүрмін. Қай жамағатқа барсам да біз дұрыс жолдамыз деп айтады. Осы мәселеде сіз қандай кеңес бересіз?

Жауап: Құран кәрімде былай делінген: «Адамдар дінде әр түрлі топтарға бөлінді. Әр топ өз жолын дұрыс деп ойлап қуануда.» (Мү’минун 53)

Пайғамбарымыз үмметінің басына келетіндерді білдіріп жатып: «Үмбетім 73 топқа бөлінеді. Олардың ішінен 72-сі тозаққа барады, тек бір топ қана құтылады.» деді. Сахабалар мұны естігенде “Ол қай топ?” деп сұрады, сонда пайғамбарымыз «Бұл топтағылар менің және сахабаларымның жолымен жүргендер!» деп бұйырды. (Тирмизи) Ислам ғалымдары бір ауыздан бұл құтылатын топтың “Әһли сүннет” екендігін білдірген. (Абдулхақ Дәхләуи, Имам Раббани)

Ешкім өз ақылымен құран кәримді және хадис шәрифтерді оқып дұрыс жолды таба алмайды. Дұрыс жолды табу үшін бұл істердің маманы болған ғалымдар қажет. 72 дана жасанды алтынмен бір дана таза алтынды араластырса, мұны зергерден, алтын қолөнерін кәсіп еткен адамнан басқа ешкімнің біле алмайтыны секілді, 73 топтан қайсысы дұрыс екенін де тек қана Әһли сүннет ғалымдары біледі.

Ақылымызды қолданып дұрыс жолды табуға тырысу өте қиын, тіпті мүмкін де емес. Әр топтағы адам өз тобын дұрыс жолда деп айтады. Бұл мәселеде сәлим болмаған ақыл өлшем бола алмайды. Өлшем бола алғанда 72 түрлі бұзылған топ пайда болмас еді. Әр топқа кірген адамдар, сол кірген тобын өз ақылдарын қолданып таңдаған. Дұрыс жолды табу үшін ақыл қолданылатын болса, адам санындай топтар пайда болады.

Бұл дәуірде көптеген кітаптар және көптеген топтар бар. Оларға біздің жақсы не жаман деп айтуымыздың ешқандай маңызы жоқ. Яғни мына адам жақсы дегенімізбен жақсы болмайды, біз жаман дегенімізбен де жаман болмайды, адамның кім екендігі, кітаптың аты да маңызды емес. Өйткені мыңдаған ғалым және кітаптар бар. Қолымызда бір өлшейтін аспап болса, жұмысымыз оңай болады. Дұрыспен бұрысты өзіміз ақ ажырата аламыз. Бұл өлшеуді Имам Раббани хазреттері былай деп білдіреді; «Бір үкімнің дұрыс немесе қате екендігі әһли сүннет ғұламаларының айтқандарына сәйкес келген келмегеніне қарап белгілі болады. Өйткені әһли сүннет ғалымдарының білдіргендеріне сай келмейтін кез-келген мағына және жаңа пікірдің дінімізде ешқандай құны, құрметі жоқ және бұл – адасушылық. Себебі әр адасқан жолдың жолаушысы Құранмен сүннетті ұстанып жүргенін ойлап, бұзық жолының дұрыс екенін айта алады. Өзінің қысқа ақылы, қысыр парасатымен Құран және сүннеттен дұрыс емес мағыналар шығарады, дұрыс жолдан аяғы таяды, пәлекетке түседі. Аят кәримада: «Құран кәрімде білдірілген мысалдар көпшілікті күпірге сүйрейді, көпшілікті де имандылыққа бастайды.» деп айтылған. Олай болса, аятпен хадиске тек әһли сүннет ғұламаларының берген мағыналары ғана дұрыс, бұларға сай келмейтіндердің бәрі бұрыс.» (1 том 286 м)

Демек, дұрысты табудың өлшемі, құралы - Әһли сүннет ғұламаларының кітаптарына сәйкес келуі.

Әһли сүннет ғұламалары былай дейді:

Аллаһу та’ала исламды дұрыс үйренгісі келген адамға мұны нәсіп ететініне уәде берген. Аллаһ уәдесінен қайтпайды. Сол үшін: “Йа Раббым, саған сенемін, Сені және Пайғамбарларыңды сүйемін, ислам ілімдерін дұрыс үйренгім келеді. Мұны маған нәсіп ете гөр, мені қате жолға түсуден сақтай гөр.” деп дұға ету керек. Истихара намазын оқу керек. Аллаһу та’ала оған дұрыс жолды көрсетеді.

Аллаһу та’аланың сөзіне сену керек. Оған сиыну керек. Құран кәримде: «Аллаһ ешқашан уәдесінен қайтпайды» делінген. (Зүмәр 20)

Қазіргі таңда әр түрлі топтарда жүрген адамдардың да осылай дұға етулері керек. Бәлкім қате жолда жүрген шығармын деп ойлап: «Йа Раббым, қай топ дұрыс жолда болса, қай топтан Сен разы болсаң, маған сол жолды нәсіп ет.» деп дұға ету керек. Егер жүрген тобы дұрыс жолда болса, бұл дұғаның зияны жоқ. Ал жүрген тобы қате жолда болса, дұрыс жолды тауып құтылады. Дұға етуден тартынбау керек. «Йа Раббым, қай топ дұрыс жолда болса, бізге сол жолды нәсіп ете гөр» деп дұға ету керек.

Барлық адамдар бұл дүниеде жолаушы, ахырет жолаушысы. Барлығы бір-бір көлікке мініп барады. Бұл жерде ең маңыздысы көлікке міну емес, дұрыс көлікке міну. Қате көлікке мінген адам қалаған жеріне емес, көліктің баратын жеріне барады. Қағбаға бару үшін ниет етіп, Парижге баратын ұшаққа мінген адам, ниеті қаншама дұрыс болса да Қағбаға жете алмайды.

Аллаһу та’ала ризыққа кепіл, бірақ иманға кепіл емес. Дұрыс иманға ие болуға тырысу керек. Ақида дұрыс болмай ғибадаттың пайдасы болмайды. Дұрыс ақида - әһли сүннет ақидасы. Дұрыс сенім 1 саны сияқты. Ықыласпен жасалған ғибадаттар осы 1 санының оң жағына жазылған 0 саны сияқты. Бір нөл жазылса 10, екі нөл жазылса 100 болады. 1 санының оң жағына неғұрлым көп 0 жазылса құны соғұрлым  арта түседі. 1 санын алып тастасақ барлығы нөлге айналады. Ықылассыз, яғни адамдарға көрсету үшін, мақтану үшін жасалған амалдар 1 санының сол жағына жазылған 0 сияқты, яғни ешқандай құны болмайды. Ақиданы дұрыстағаннан кейін ғибадаттарды көбейту адамның қажыр-қайратына, ықыласына, іліміне байланысты. Қалағанынша көбейте алады. Бірақ дұрыс ақида, яғни әһли сүннет ақидасы болмаса, ғибадаттардың ешқандай пайдасы болмайды. 1 санының сол жағына жазылған 0 сияқты құнсыз болады.

Бүкіл дүние бізге берілсе, бірақ ақидамыз дұрыс болмаса жағдайымыздың құрығаны. Ал егер бүкіл дерттер, қиыншылықтар бізге берілсе, бірақ ақидамыз, сеніміміз  дұрыс болса, онда ренжудің керегі жоқ. Дұрыс ақиданың әһли сүннет уәл жамағат екендігін ислам ғұламалары бірауыздан білдірген.

Мәңгі болған пәлекеттен құтылудың жалғыз шарасы – құтылғандармен бірге болу. Қытмир деген ит “асхабы кәһфпен” бірге болғаны үшін жұмаққа кірді. Олай болса кім және не екеніміз маңызды емес, кімдермен бірге екеніміз маңызды. Бір хадис шәрифте: «Салихтермен (жақсылармен) бірге болған – жамандардан емес» (Бұхари, Мүслим) делінген.

Өзін ғалыммын деп танытатын атаққұмар адамдардан ұзақ жүруге тырысу керек. Хадис шәрифте: «Жасырын шәһуәттен сақтаныңдар. Бұл – ғалымның өз айналасына адамдардың жиналуын ұнатуы» делінген. (Дәйләми)

Бұл хадис Жамиус-сағир шәрһінде былай ашықталған:

Жасырын шәһуәт – нәпістің бір нәрсеге ұмтылуы, одан бас тарта алмауы, көзбен көрінетін және жақсы көретін нәрсесін аңсауы. Қай ғалым өз айналасына адамдардың жиналуын, уағыздарында әрдайым адамдардың көп болуын қаласа, бұл ойы ол ғалымның амалдарын жойып, ықыласын кетіреді. Рия, ужб, кібір секілді рухани аурулардың пайда болуына себеп болады.

Бұл туралы дін ұлыларының мынадай сөздері бар:

Кейбір адамдар ілімге қол жеткізеді, бірақ амалдары ілімдеріне теріс болады, іші мен сырты бір-біріне сәйкес келмейді, алқа күйінде отырып бір-бірлеріне менменсінеді. Сол уақытта бір ғалым досына басқаларының жанына барғаны үшін ашуланып, онымен байланысын үзеді. Олардың амалы Аллаһтың дәргейінде қабыл болмайды. (Хазреті Али)

Ақыр заманда кейбір ғалымдар ілімін өзгелерден әйелдер күйеулерін қызғанғандай қызғанады. Олар шәкірттерінің өзгелердің қасына барғанын немесе өзгелерден ілім үйренгенін көрген кезде ашуланады. (Хазреті Қабул-ахбар)

Ұстаз, шәкіртінің барлық адаммен байланысын үзіп, өзіне ғана тәуелді болуын, барлық жұмысында өзімен бірге болуын, өзінің достарымен дос, дұшпандарымен дұшпан болуын, өзінің жұмыстарында қызметшісі болуын, кез-келген қиыншылық туған уақытта қол астында болуын қалайды. Айыптарын көрсе оған ашуланып, оған дұшпандық етеді. Өзінің бұл халіне қуанған ғалым құрыды. (Имам Ғазали)

Ғалымның Аллаһ разылығына қауышу деген жалғыз мақсаты (ниеті) болуы керек. Абыройлы болу, өзге ілімділерден жоғары болу, өзіне қарсы болғандардың аузын жабу, өзінен ілім алып жүргендердің санын көбейту, ілімін өзгелердің ілімінен де танымал қылу секілді ойлардан ұзақ болуы керек.

(Имам Бәйһақи)


Қорқыт ата жайлы. Халықтың болашағын болжаған көріпкел
Әженің арқасы. Әже туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу