Бəрі өз қолыңда

Oinet.kz 10-09-2020 785

Көбелек.jpg

Ертеде бір Ғалым өмір сүріпті. Оның көп шəкірттері болыпты. Бір күні шəкірттерінің ішіндегі ең алғыры "ұстазымыздың білмейтін нəрсесі бар ма екен?" деп, ұстазын сынамақ болады. Осы оймен, жасыл шөп жайқалған көгалға барып, ең әдемі көбелекті ұстап алады. Көбелекті алақанына жасырып, ұстазына келеді де:

- Менің қолымдағы көбелек өлі ме, тірі ме? - деп сұрапты.

Ұстазы "тірі" десе, қолын қысып көбелекті өлтірмекші. "Өлі" деп жауап берсе, көбелекті босатып жібермекші.

Сол кезде ұстазы шəкіртіне мойынын да бұрмастан:

- Бəрі өзіңнің қолында - деп жауап берген екен.

Жазылмаған дала заңы
Ұлы бар аналарға 35 кеңес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу