Бұйырмаған бұлақ

Oinet.kz 10-09-2020 748

Есет батыр.jpg

Ақтөбеде жер астынан шығатын бұлақтар көп.Қала жұрты "Маржанбұлаққа" кезекке тұрады. "Бестамақ" ауылынан әріргіректе қырдың етегінде "Сәрсенбұлақ" бар.Биыл екінші жыл осы жерден су тасимын.Өте таза,мөлдір бұлақ.Жер асты суында табиғи минералды элементтер көп.Шетелдің жеңіл көлігі жарамайды. Жер жолға бауыры тиіп қалады.Асты биік машинасы барларға айтып әкеліп жүрмін.Бұл жолы театрдың әртісі Құралбек баратын болды.Үйден су құятын ыдыстарды көлікке тиеп енді қозғала бергенде көрші жігіт қол көтерді.Олда бұлаққа баратын болды."Бестамақ" ауылынан асып "Есет батыр" кесенесіне жақындадық.

Есет Көкіұлы, Тама Есет (1669-1757) - қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі.Халық басына барып әруағына тағзым етеді.Сол жерде оңға бұрыламыз. Бұрылысқа жете бергенде Құралбек "Атаға тоқтап бет сипайық"-деді.Мен қарсылық білдірмедім. Әлгі көршім жақтырмай қалды.

-Қой,тасташы уақыт жоқ-деп,қолын бір сілтеп Құрекеңе ыңғай бермеді.Көршімнің бұл қылығына ештеңе айта алмадым.Көлігіміз тоқтамастан шаңды бұрқ еткізіп бұлаққа қарай бет алды.Есет батыр кесенесінен бір шақырым жүргеннен кейін көлігіміз алақандай шалшық суға тұрып қалды.Бәріміз түсіп машинаны итердік шықпады.Шөп-шалам жұлып дөңгелектің астына салдық бәрі-бір түк болмады.Көлік жер бауырлап қалды.Ақыры әлгі көрші батырдың басына жаяулатып күрек сұрауға кетті.Мана көліктің тоқтауына қарсы болған еді,енді Атаның басына өз аяғымен барды.

Күрекпен жолды аршып көлігімізді шығарып алдық.Машинаың маторы қызып кетті.Бірақ,бұл жол бұлаққа аяғым тартпады. Батырдың рухы бұлаққа қарай баруға ыңғай танытпағаны сезілді.

"Ниеті басқа адаммен жолға шықпа" деген рас екен. Ақыры Ақтөбеге қайтып кеттік.Бір аптадан соң,басқа көлікпен барып бұлақтың су алып қайттым.

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН

Бір дорба дәрі
Бір уыс топырақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу