Майқы бидің өлеңі

Oinet.kz 10-09-2020 2865

Майқы би қартайып жасы сексенге келгенде тағы бiр ғаламатты айтыпты.

Бұл жолы да көзiн жұмып алған екен. Ордадағылар тегiс жым болыпты. Бiр заматта көзiн ашқан Майқының жүрегi ауырып, құсқысы келген адамдай,түсi қашып кеткен екен, қасындағылар асып - сасып әбiгерленiп бiрi қымыз, бiрi су ұсына бастапты, Майқы олардың қолын қағым жiберiп, күңiренiп отырып былай деп,тақпақтап кетiптi:

Әлi заман өзгерер,

Өзгергенiн көз көрер.

Мiнгенiң арба болар,

Бар құс қарға болар.

Жансыз арба ат болар,

Өз балаң өзiңе

жат болар.

Темiрден құс болады,

Ұрпағымның

көргенi сұс болады.

Адам басы ауырып

дақ шатылар,

Базарында сұйылып

сүт сатылар.

Еркек кiндiк тұл болар,

Сиыр пұл болар.

Еркек жасып и болар,

Қатын тұлданып

би болар.

Алғанның

ғарабы болар,

Құттың қорабы болар.

Төсекке есеппен

жатарсың,

жыныс зарпын

ақшаға сатарсың.

Иекке тиер қызыл

аз болар,

Адам шаштан айырылып таз болар.

Он бесте ауызыңды

ашарсың,

Тумысыңнан тамаққа

таршырсың,

Баққаның

өсек, сөз болар.

Тастан аяқ болар,

Балаң саяқ болар.

Сары судан ас шығар,

Балаң өзiңе қас шығар.

Жер тақыр болар,

Жұрт пақыр болар.

Осындай қилы заман болар,

Ендi төрт мың жылда

Дүние тәмәм болар!,

дептi.

Майқы би мен Мөңке бидiң болашақты болжаған толғаулары ұштасады. Майқы би, Мөңке биден екi ғасыр бұрын өмiр сүрген.

Негiзi қазақ халқында үш Майқы болған, сол үшеудiң үлкенi осы Жайылханнан туған

Майқы би.

Жайылхан Алаштан туылған.

Қазақтың ең көне ертек аңызы "Аяз би".

Сондағы шөптiң, құстың, адамның жаманын iздеттiрiп, ақыры Жаман ұлы Аязбидi өзiне бас уәзiр қылған патшамыз, осы Майқы бабамыз.

Бiздiң Хижра жыл санауымыздан 711 жыл бұрын дүниеге келiп

89 жасында қайтыс болған дейдi кейбiр деректерде.

Өзiнiң ақылдылығымен, көрегендiгiмен елдiң басын бiрiктiрiп 29 жасынан хандық құрып өткен.

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН. Иттиме
Пулитцер сыйлығын жеңген суретшінің жан азабы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу