Сәбит Мұқановтың Ілияс Жансүгіровке жазған хаты

Oinet.kz 12-07-2020 635

image.png

Ілияс! Аманшылық. Оқу июльдің басында бітеді. Одан бері съезд болады ғой. Сонда көрісерміз. Қазіргі жұмыстарыңның күштісі съезге даярлық болу керек. Оны істеп жатқан шығарсыңдар. Жанайдар осында жат­қан көрінеді. Бірер барып жолықтыра алма­дым. Съезд кеңесінен сөйлеспек ем. Ме­­­німше съезге: сен, Сәкен, Бейімбет, Мұх­тар төртеуің обязательно келулерің ке­рек. Он мүшеден бір өкіл ғой. Мұнда аты өкіл ғана емес, жазушылық бетін көрсете ала­тын, барлық мәселеге сөйлеп, қазақ әде­биетін таныта алатын адамдар керек. Ғабит бар, жоғарғы төртеуің бар, сендер келме­сеңдер көзге көріну көңілдегідей бол­май­ды.

Сенен Үлкен өтініш: жинағыңның 1-томы шыққан екен, екі бөлімде хрес­томатия шық­қан екен, соны маған не қатынасқаннан жі­берт де, не ала кел. Жұмыстарыңды жан­дандыру керек. Ананипқа мұнда ұрысыңқыраған көрінеді. Басқа кеңесті кел­генде сөй­лесерміз. Адресім өзгерген. Ж.бен: Сәбит. Остоженка 53. ИКП, ком. 63 мне. Москва қаласы.

19 сәуір, 1933 жыл.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Қазақ күйі не себепті «күй» деп аталған?
Бейімбет Майлиннің жары Күлжамал Майлинаның естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу